1.
Cен болсаң жанымда жүрегім лапылдайды
Жаңбыр себелеседе күн тығылып тұрмайды
Ерекше сұлулық жылтырақ көйлексіз
Сені сүюге дайынмын ешбір себепсіз
Chorus:
Маған рұқсат бер, сен үшін жанайын
Алғашқың және соңғың болып қалайын
Маған рұқсат бер, қорғаның болайын
Жүрегіңнің ырғағы боп кеудеңде соғайын
2.
Cенің қимылдарың қамажай,
Жүрсің ешкімге қарамай.
Жарасады тұрғаның еркелеп,
Сен киілмеген сәукеле.
Мүмкін емес саған қарап тою,
Басқан ізің ою (ою ою ою).
Bridge:
Сені көрмегендер бақытсыз бұл ғаламда,
Мен айналар ем құлағыңдағы сырғаларға.

