Бауырым менің
Жарығым менің
Айта алмай келем
Сағынып едім
Кінәні жойып
Көңілге тойып
Жүрейік енді
Өкпені қойып
chorus:
Өзіңмен өстім
Бұл өмір бес күн
Сен мені кешір
Мен сені кештім
Қайтадан бізді
Тумайды ешкім
Қайтадан бізді
Тумайды ешкім
Досың тіледі
Дұшпан күледі
Бауырдың жайын
Бауыр біледі
Жаныңа тидім
Өзім де күйдім
Бауырға ғана
Басымды идім
chorus:
Сағыныш тербей
Еріген сендей
Жолдадым сәлем
Жоғалтқым келмей
Бауырлық хәлдің
Бәрін ақтардым
Аман бол бәрің
Жеңілдеп қалдым

