Толған айдай кезің бұл,
Толқып аяқ басасың.
Селт еткізіп сезімнің,
Шертің нәзік нотасын.
Махабатты мазалап,
Сезім шоғы өртей ме?
О, он алты ғажап – ақ,
Ару бопсың өр кеуде.
Тұрғандайсың үздігіп,
Көздеріңді төңкеріп.
Боп қалдық па қыз-жігіт,
Қош айтысып еркелік.
Шатығыңа соқтым қол,
Он алтыға толыпсың.
Бантик таққан жоқ күндер,
Бой түзейтін болыпсың.
Он алты ерке деседі,
Көнер жігіт назыңа.
Махабаттың мекені,
Ашылмаған қазына!