Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

ҚАРЫНДАСТАРҒА ТІЛЕК

Сызылып, гүлдей бұралып,

Қыз өссе елдің көркі ғой.

Түлемес құс та, бұл анық,

Қанатын көкте серпімей.

Несібең бөтен шаңырақта,

Қыз бала бағы басқа үйде.

Салмақты болған әр уақта,

Қалмайсың ерке жас күйде.

Сүйкімді сынық мінезбен,

Озбағын иба, әдептен.

Аялап сені кез келген,

Қорғайды қамқор қанатпен.

Қылығың түзде, ұқ, қалқам,

Келтірме кірді атыңа.

Көзіне қыздың шық толған,

Сүрініп кетсе қапыда.

Отырсың бүгін бой жетіп,

Желікті қума, сөзге ерме.

Жүректі ғана сөйлетіп,

Ақылмен бәрін безбенде.

Тамсанып айтсын “Ару -ай!”

Көзіңде тұрсын күліп күн.

Әжеңе тартқын жаны бай,

Ардағы болғын жігіттің!

қарындас, карындас, тилек, тілек, куда, кұда, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии