Ойын-сауық порталы

АЛПЫСҚА ТОЛҒАН АНАҒА

Өмірдің артқан жүгіне,

Мойымапсың да сынбапсың.

Үңілем жүрек түбіне,

Шешуін іздеп жұмбақтың.

Жетсемші дедің тілекке,

Сая боп бізге қанатың.

Дау бар ма Ана жүрекке,

Бала үшін бәйек болатын.

Бар-жоқты білмей шалқыдық,

Бұла боп өстік еркелеп.

От пенен өртке шарпылып,

Ағарды шашың ертерек.

Ерлеше табан тіредің,

Жүресең де желдің өтінде.

Асыға соқты жүрегің,

Бақытты күнге жетуге.

Қыздарың ұшты қияға.

Ұлыңда қонды ұяға.

Екі ауыз сөзге сия ма,

Ерлігің ерен ұлы ана.

Шатыққа толар шартарап,

Анашым барда жаны ізгі.

Барсаңда Мекке арқалап,

Өтелмес ана парызы.

Өн бойың – үлгі, өнеге,

Парасат табам, бақ табам.

Немере деген немене,

Сарқытың бар ма сақтаған?!

Ардақты ана есімі,

Әлі алда өмір несібі.

Тойласын жүзді туажат,

Тербетіп бақыт бесігі.

алпыс жас, ана, анашым, мама, асаба, тамада, туған күн, туган кун,мерей той,қарындас, карындас, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments