Ойын-сауық порталы

ҚҰДА ЕЛУГЕ ТОЛҒАНДА

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,

Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.

Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,

Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,

Көзіңнен ізгіліктің отын көргем.

Бір сенің шаңыңа да ілесе алмас

Талайлар менменсіген, төсін көрген.

Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,

Жарқылдап, ажарыңда арай тұнған.

Құданың сыйластығы мың жылдық деп,

Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.

Армандар жетелейді тым алысқа,

Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та,

Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,

Басымыз қосылсын тек қуанышта.

Ағажан,

Азаматтың тарланы едің,

Аймаңдай арулардың арманы едің.

О, кұда, туған күнің құтты болсын,

Тойлайық құшағында туған елдің!

куда, құда, елу жас, асаба, тамада, туған күн, туган кун,мерей той,қарындас, карындас, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments