Жақсының көкірегі-жақұт қойма,
Көпшілік келді бүгін алтын тойға.
Жұптаскан тату-тәтті жарты ғасыр!
Өнеге, сыйластықтың салтын да ойла.
Әлі де қыз Жібек пен Төлегендей,
Көңілді көрікті ойға бөлегендей.
Қоныпты ұл-ұяға,
Қыз-қияға,
Жар болып, Алла өзі жебегендей.
Дәулет пен қонақтапты бақ төріңе,
Куәміз шалқып -тасқан сәттеріңе.
Алтын той,
Сапар шегіп өткен шаққа,
Жолықтырған секілді жас кезіңе.
Өсірдің әдепті қыз, саналы ұлды,
Тек шаттық көнсін шырай ажарыңды.
Елу жыл бір-бірімен шәй деспеген,
Сыйластық сіздердегі болады үлгі.