Ойын-сауық порталы

КҮМІС ТОЙЫ

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,

Жанымның жайып салып тылсымдарын.

Махаббат боп маздаған мына ғалам,

Бақытты жанұяның білсін барын.

Кеткен бе ширек ғасыр жылжып өтіп,

Қуантты қызғалдақтай ұл-қыз өсіп.

Ағамыз алақанда аялауда,

Ақ гүлдей асыл жарын үлбіретіп.

Қабағынан түсініп ер көңілін,

Жабырқатқан кезі жоқ жансерігін.

Жеңгеміз жиырма бес жыл болды бәйек,

Ағаның көтерумен еркелігін.

Ассақ та тіршіліктің сан асуын,

Таусылмас арманы адам баласының.

Күмбірлі күміс тойлар айғақтайды,

Жүрек пен жүректердің жарасымын.

Жылжыған бұл уақытқа дауа бар ма,

Жетелеп бара жатыр заман алға

Ақ босаға есігін имене ашқан,

Күміс той жас дәуренді салады ойға.

Алда әлі думандатар сайран көп күн,

Күлімдеп күміс тойға жайнап жеттін.

Күміс той – алтын тойға есік ашып,

Күндерің шалқып-тасып тоймен

күміс той, кумис той, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments