Ойын-сауық порталы

САБАНТОЙ

Сабантой деген – молшылық

Еңбеккерлік пен іскерлік.

Қамбаға қазына толтырып,

Мерейді тұрғой үстем ғып.

Мәртебе алсақ жоғары,

Үлесін қосар әркім мол.

Бүгіннен өріс алады,

Ертеңге бастар жарқын жол.

Сабантой — тойы ерлердің.

Еселі еңбек – ел ісі.

Өтемі маңдай терлердің,

Сабылған күндер жемісі.

Еңсені көкке көтере,

Еңбекпен келген несібе.

Байлығын елдің еселер,

Өнген дән дала төсіне.

Қалды ғой артта бейнеті,

Төгіліп тердің тамшысы.

Сабантой — елдің зейнеті,

Сабантой — халық алғысы.

сабантой, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments