...

ДАСТАРҚАН БАСЫНА ШАҚЬІРУ

Асып -тасып қуанышы, жер-көктің,

Шаршы топты шат сезіммен тербеттім.

Баршаңызды дастарханға шақырам,

Ағайындар, қане, төрге төрлеткін.

Ақ ту қадап армандарға алдағы,

Қос көгершін көкке бүгін самғады.

Отау тікті қол ұстасып екі жас,

Орындалып ата-ананың арманы.

Өмір алда,

өткелдерден өтер көп,

ата-ана мәз, бір баласы екеу боп.

Құда-жекжат,

Туыс-туған жиналды,

Шаттық ортақ, осы тойда бөтен жоқ.

Берік болсын босағасы жастардың,

Ассын биік асуынан асқардың.

Жас жұбайлар тойың-тойға ұласып,

Отау болсын өнегелі қос балғын.

дастархан, дастархан басына шақыру, шакыру, отырыс, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
5 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх