Ойын-сауық порталы

САМҒА, ІНІШЕК

Самға жастық от барда,

Жолың болсын жортқанда.

Дүниеде жүйрік көп,

Жалғыз екем деп қалма.

Айдарыңнан жел ессін,

Ағайынмен кеңескін.

Қарайлай жүр артыңа,

Артық айтты демессің.

Әке-шеше — алтының,

Қадірлей біл, жарқыным.

Сүйеу болар бауырың

Сыздағанда балтырың.

Сыйла жолдас-жораңды,

Болма жалғыз тораңғы.

Дос, сырласы жоқтардың

Алды тастай қараңғы.

Бола білгін бауырмал,

Сақтана біл жауыңнан.

Намысыңды жыртатын,

Артыңда үлкен қауым бар!

іншек, иншек, ініме, иниме, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments