ШАТТЫҚ ТОЛЫ ШАҢЫРАҚҚА АЙНАЛСЫН

Әркім іздер тіршіліктен өз бағын,

Қолға қонды

Жұлдыз деп қол созғаның.

Қосағыңмен қоса ағарғын, бауырым,

Махаббатың- маңдайына жазғаның.

Сүйген жүрек

Неге болсын шыдайды,

Жан сүйінтер

Жарың қандай шырайлы!

Шайқалмасын жас отаудың іргесі,

Өмір әлі қиындықпен сынайды.

Тағдыр тосып,

Табылыпты қосағың,

Әлі-ақ толар жабдығың мен жасауын

Шаттық толы шаңыраққа айналсын,

Керегесін кеңге жайып отауың.

отау, отбасы, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, ,
Прокрутить вверх