Ойын-сауық порталы

ҮЙЛЕНГЕН ЖАСТАРҒА

Көктегі – жүлдыз ұл мен қыз,

Ата-ана үміт жалғаған.

Бәрі де бабам жүрген із,

Жалғасып жатыр арман-ән.

Атадан қалған мұраны,

Жатады жампоз ұл жалғап.

Ұл-қияның қыраны,

Қыз-құлпырған қызғалдақ.

Өнегелі ұл өсір,

Тәлімі жақсы тектіден.

Тілеуін соның тілесе ел,

Ниеті қабыл деп білем.

Құс болып көкке самғайды,

Қыз іздеп бақыт бөгде үйден.

Ата-анасын сыйлайды,

Көргенді келін, жөн білген.

Еңсесі асқақ шыңдардай,

Туысы бөлек дүлдүлдей,

Көктегі қос сұңқардай,

Үйленген мына екі жас

Мәңгілікке бір жүргей!

жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments