Кетпе/Ketpe

Казахский мультимедийный портал

ҮЙЛЕНГЕН ЖАСТАРҒА АТА-АНА ТІЛЕГІ

Көп тілекті көксейді ғой көкейім,

Жарықтарым, садағаң боп кетейін.

“Қыз-жат жұрттық”

Деген екен бабамыз,

Ет жүрегім елжүрейді, не дейін?

Өмір жолы түзу емес, бұралаң.

Талайларды талқыға сап сынаған.

Қарлығаштай қанатымен су сепкен,

Бір-біріне қамқор бол деп сұранам.

Ұл-ата ізін,

Қыз басады ана ізін,

Үлкен сыйлау – екеуінің парызың.

Туыс-туған, ата-анаңды қадірлеп,

Аяулысы бола білгін жарыңның.

Бәйтерегім ең, жайқалсын жасыл желегің,

Өрісің кеңіп, ырысың тассын, өренім.

Шаңырағың шалқып,

Өзгеге жүрсең үлгі боп,

Марқайып біз,

Бағымыз жанды дер едім.

Ертеніңді ойлап,

Елжіреп жүрек, толқыдым,

Күйеуі- тірек,

Жан жары болар көркі үйдің.

Қия өтпей, қызым,

Бабаңның салтын сақтағын,

Керегесі алтын

Келіні жақсы болса үйдің!

ата ана, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии