— Жұлдыздарды санамайды.
— Жұлдыз санаса, өлім-жітім, жаманшылық көп болады.
— Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.
— Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл — өлім-жітім шақыратын жаман ырым.
— Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.
— Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.

