НЕШЕ МҮШЕЛГЕ КЕЛДІНІЗ?

— Қазақтың ерте заманнан бері уақыт есебін жүргізуге қалыптасқан жүйелерінін бірі — мүшел.
— Мүшел жүйе негізінен сандық рет алынбай, алты адал, алты ара, яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын 12 жылдық күнтізбесі қабылданған.
— Мүшел жүйесі өткен мезгілін анықтауға, адам жасын есептеуге, т. б. пайдаланған.
— Адамнын жас есебін шығарғанда сәбидің ана құрсағыңда өткізген уақыт бір жылға баланып, оған мүшелдің 12 жылы жалғастырала қосылып, бірінші мүшел 13 жас деп есептеген.

Бірінші — сәби, балалық мүшел 13 жас.
Екінші — ер жету мүшелі — 15 жас.
Үшінші — жігіттік мүшел — 37 жас.
Төртінші — орта жас мүшел — 49 жас.
Бесінші — ақсақалдық мүшел — 61 жас.
Алтыншы — қартаң тартқан мүшел — 73 жас.
Жетінші — кәрілік мүшел — 85 жас.

— Адам баласы туылғаннан бастап, өсіп — жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатыңдығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды.
— Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас — қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады.
— Осындай мүшел есік қаққанда, Құдірет! Мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр деп Аллаға жалбырып, қайыр садақа беру керек. Әрбір адам өзінің мүшелі болған жан-жануарды соймайды.

мушел жас, мүшел жас,ырым, тыйым, дәстүр, дастур, ,
Прокрутить вверх