КҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ

— Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
— Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
— Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
— Үкі түнде ауыддың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
— Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
— Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
— Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар — Алланың сүйіктісі.
— Тауықтың мезгілсіз шақырғаны — жаман ырым.

құстарға байланысты, кустарга байланысты, ан, аң, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, ,
Прокрутить вверх