— Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмай-
— ды.
— Біреуге пышақ ұсынса ұшын — өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
— Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
— Біреудің пышағымен ет кескенде құры қайтармайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
— Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
— Мал баққан адам құр қол жүрмейді, қынды пышақ алып жүреді.
— Пышақтың жүзін көкке қаратып қоймайды. Бұл үйдің малы не жаны пышаққа түссін деген жаман ырымды білдіреді.
— Жақын адамнан пышақ, ине алмайды. Аралары суып кетеді.

