Ойын-сауық порталы

АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Тыйымдар

– Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
– Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
– Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
– Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
– Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бүл – қолы байланған түтқынды еске салатын жаман ырым.
– Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
– Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
– Тізені қүшақтамайды. Бүл – -Үрпақсыз қалдым-, -Қу тіземнен басқа қүшақтар қалмады- деген жаман ырымды білдіреді.
– Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
– Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болъш саналады.
– Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бүл да әдепсіздік белгісі.
– Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
– Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бүл қол-аяғы байланған түтқынды еске салады.
– Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
– Тандай қағуға болмайды. Үй ішінде тандай қаға беру – жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.

адам, іс әрекет, ис арекетке байланысты, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments