— Жасы кіші болса да әкесі үлкен -Жолы үлкен- болып саналады. Яғни салт -дәстүрде жол, кезек соған беріледі.
— Қыз үйдегі келіндерден жоғары отырады. Қыздың ағаларынанда жоғары отыруға хақы бар. Өйткені -Қыздын жолы жінішке- дейді халық.
— Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидыке деп саналады немесе сол елдің әжесіне, ел сыйлаған анаға береді. Бесікті отпен аластайды.
— Бата беру , ас қайыру қонақтардың намесе ақсақалдардың жолы үлкеннің үлесінде.
— Алыстан қонақ келсе, сол үйдің көршісі және ауыл ақсақалдары шақырылады. Сыйластық белгісі осыдан көрінеді. Алыстан келген қонаққа ауылдың үлкен-кішісі сәлем бегуге тиіс.
— Үй ге келген кісіге -Кімсің?- демейді, оны төрге шығарып, қонақасы береді.
— Туған -туысқанына, еліне келгендер алдымен ауылдын үлкеніне түседі немесе соларға сәлем береді.
— Көшіп келе жатқандарға -Көш оң болсын- деп ат жалдатып, дәм-тұз ұсынады.
— Байғазы, көрімдік, сүйінші сұрағандарды құр қол қалдырмайды. -Айттық- сұрағандарға айттық беру міндет.
— Үйге келген кісіге дәм ауыз тигізеді. Дәм қашанда достыққа, сыйластыққа шақырады.
— Үйге келген адам шаруасын тұрып айтпайды, отырып болғаң соң асықпай жеткізеді.
— Айпкер айыбын төлеп кешірім сұраса, қарсы жақ кешірім жасауға тиіс.
— Олжасын жолдасына ұсынады немесе бөліседі. Аты озып келгендер, күресте жыққан палуандар, женген ақындар алған бәсекесін елдің ақсақалдарына, үлкен шаныраққа байлаған.
— Жігіттің ата-анасымен танысуға келген қызға лайықты сый-сияпат ұсынады.
— Ауыр қылмыс жасағандар қатаң жазаланады намесе елден қуылады. Олардын артынан жұрт бір уыс топырақ шашады. Бұл- қылмысты қайта болдырмаудың жолы.
— Қонақ қондырмау, қонақ шақырмау ұлт дәстүрін силамайтын, жөн-жосықты білмейтіндердің ісі.
— Жетім баланын басынан сипау, жетімге көмек беру, қайыршыға садақа ұсыну, біліктілік пен адамгершіліктің белгісі.
— Қонаққа домалақ жілік, жамбастын құйымшағы салынбайды. Қазақ ұғымынды бұлар — кәдесіз. Қызға кәрі жілік ұсыну- әбестік. Ұзатылған қыздын күйеуіне төс тартылады. Ақты (сүт, айран,қымыз) жерге төкпейді. Малдың желіні кетеді.
— Елшіні өлтірмейді (-Елшіге өлім жоқ- деген содан қалған).
— Тойға, қуанышқа құр қол бармайды. Той жасағандарға—Тойхана-, -сый-сиапат-, мүшелі тойға —сыйлық-, үйлену тойына —немеурін-, құдалыққа —киіт- апарады.
— Көшіп келген отбасына тұрғылықты жұрт -ерулік- береді. Көшкен отбасы коршілеріне -айырылысар көже- береді.
— Келген кісіге үй иесі окпесін айтпайды.
— Сәрсенбі — сәтті күн. Қазақ игі істерді қызық -қуанышты осы күні бастайды. Сейсенбі-сәтсіз күн. Сапарға шықпайды, іс бастамайды. Бейсенбі, жұма — исламның қасиетті күні. Бұл күні әр адам әруақтарды еске алады, дұға бағыштайды.

