Ойын-сауық порталы

ОТҚА ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР

– Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады.
– Көкті жүлса, -Көктей соласың- деп жамандыққа жориды.
– Суға дәрет сындыруға болмайды. -Ағын судың арамы жоқ- деген сөз бар. Бүл суды басқалар пайдаланады.
– Суға түкірмейді, өйткені бүл суды қайта ішуге тура келеді.
– Ағьн суды бұруға болмайды. -Судың да сүрауы бар-, -Аққан су арнасымен ақсын-, -Бидің жолы ақ, судың жолы сара- деген сөздер бар.
– Қүстардың үясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй ішіңе кесепаты тиеді.
– Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.
– Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.
– Қыран құстарды атса, киесі тиеді.
– Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш үя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.
– Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.
– Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.
– Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.
– Құмырсқаның илеуін бүзсаң, үй ішіңе кесепаты тиеді.
– Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
– Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
– Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды -аң иесі- деп санайды.
– Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.
– Жабайы анды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп-өнуіне жағдай жасап отырады.
– Қара суды сапырмайды.

от, катысты, қатысты, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments