— Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
— Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
— Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
— Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
— Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
— Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
— Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
— Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
— Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
— Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
— Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
— Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.

