Ойын-сауық порталы

ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Тыйымдар

– Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай киналады.
– Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
– Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды.
– Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.
– Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, әруағы риза болмайды.
– Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бүл -үйге жаманшылық кірмесін- деген ырым.
– Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда баска үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бүл да -үйге жаманшылық кірмесін- деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, әруақтар риза болмайды.
– Өлген адамга дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін беті-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.
– Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.
– Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бүл -өлім-жітім аз болсын- деген ырым.

өлікке қатысты, оликке катысты, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments