Ойын-сауық порталы

Өзара сәлемдескен соң, мұсылмандар әдетте қол алысады. Қол алысқанда алақанды бір біріне түйістіріп ұстайды, мұны “мұсафи” деп атайды. Ал саусақтардың ұшын беріп амандасуға болмайды.
Әуелгі қол берген кісі кейінгісі өз алақанын алып кеткенше шыдамдылық жасап күтіп тұрады. Әрине, қолдасып амандасқан тұста қабақ түймей, теріс қарамай, мән бермегенсінбей, қайта жарқын, ықыласты пейіл таныту керек.
Қанпезер, кәпірлерге, жезөкшелерге, дің бұзарларға қол беріп амандаспаған да болады.
Егер өзіңмен бірге тұрған апа-қарындасың, әйтпесе некелі әйелдің болмаса, қалған әйел затымен қол алысудың қажеті жоқ.
Егер жақын туысың, дос-жараның ұзақ сапардан қайтып оралса, әйтпесе олармен ұзақ уақыт кездеспеген жағдайда- қол алысып, көрісіп амандасуыңа болады. Солардың ішіндегі жас балалардың, ұл-қыздарынды, немерелеріңді бетінен, маңдайынан қарсы алғаның әбден дұрыс. Ал ересек жат жерліктермен, тіпті отандастарыңмен де сүйісіп жату – жараспайтын әдеттін бірі.
Күнде көріп жүрген таныстарыңмен көрісіп амандасу- ақылға сиымсыз.
Ел – жұртқа кәдірлі, көпшілік сыйлайтын кісімен қолалысып амандасқан соң онын тағы қолынан сүйіп, құрмет көрсеткеннің еш бір ерсілігі жоқ. Мұның ислам жолына адал қызмет етіп жүрген ұстаздың дін иелеріне – шайқыларға қатысы бар.

кол алысу, қол алысу, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments