Ойын-сауық порталы

ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТЫЙЫМДАР

– Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл -үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана – үйде өлік болғанда от жағылмайды, отын сыртқа шығарылады.
– Түнде сандықты ашпайды, ашса, әулеттен біреу-міреу өледі деп жорамалдайды. Ал өте қажет болған жағдайда, -оған жылан кіріп кетті- деп ашады.
– Есіктің киізін үйдің үстіне қарай лақтырмайды, орап қояды. Әйтпеген жағдайда жау найзасымен ашып кіреді, яғни жауласқан адам үй қожасын жеңіп кетеді.
– Ауа райы жақсы болса, түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды. Бұл – жау шақыру деген жаман ырым.
– Жанып тұрған шырақты үрлемейді, өйткені бұлай сөндірсе, адам ұмытшақ болады.
– Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды. Бұл – жамаңдық, шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.
– Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп кіреді.
– Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл – жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау келе жатқанда ғана үй иелері үйді айналып жүрген.
– Біреуден қайрақ сұрамайды.
– Жастық басқа жасталатындықтан, оны аяқпен баспайды.
– Арқанды, бақанды аттаса, шаңырақтың құты кетеді.
– Шәугім мен аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе кемиді.
– Итке ожаумен ас құймайды – үйдің берекесі кетеді. Біреу келгеңде үйді сыпырмайды – әдепсіздік болып саналады.
– Сыпырғымен адамды ұрмайды.
– Сыпырғыш, күрек, айырдың басын жоғары қаратып қоймайды. Бұл – -ұстайтын кісі жоқ- деген жаман ырымды білдіреді.
– Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл -үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниеттен туған ырым.
Ырымдар

– Жаңа үйге көшіп келген отбасына -қоныс жайлы болсын!- дейді.
– Егер киіз үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
– Егер киіз үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп құласа, үй иесі кенеттен мал-мүлікке ие болып, дәулеті артады.
– Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күні қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қос-қостан өткізеді. Бұл қаскүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар көшті аңди алмай, от ішіңде қалып қояды
– Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
– Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
– Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
– Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, қүт келеді деп жақсылыққа жориды.
– Қызылша және басқа да жұқпалы аурулар тарағанда, басқаға жұқпасын деп немесе қызылша шыққан балаға тіл-көз болмасын деп, есік сыртына не маңдайшаға шикі жас ет байлайды. Шикі ет ауырып жатқан адамымыздың еті шикі еді, қызылша шығып жатыр деген шартты белгіні білдіреді. Шикі етті қарға, сауысқан сияқты құстар ала қашып, тыныштық бермеген соң, қызыл бөз байлайтын болған.
– Жаңадан қайнатқан сабыңды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
– Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
– Пәле-жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.

уй, үй, тұрмыс, турмыс, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments