ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Тыйымдар

— Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай киналады.
— Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
— Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды.
— Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.
— Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, әруағы риза болмайды.
— Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бүл -үйге жаманшылық кірмесін- деген ырым.
— Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда баска үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бүл да -үйге жаманшылық кірмесін- деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, әруақтар риза болмайды.
— Өлген адамга дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін беті-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.
— Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.
— Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бүл -өлім-жітім аз болсын- деген ырым.

өлікке қатысты, оликке катысты, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, ,
Прокрутить вверх