...

АДАЙ

АДАЙ

Ұраны Бекет, таңбасы садақ: 
садақ және оқ 

Кіші жүздегі саны көп рулардың бірі Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер мардымсыз болды. Тек С. А. Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б. з. б. II ғасырдың өзінде-ақ Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық. Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді біз I Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б. з. б. Ш ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді.
Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б. з. б. V біздің заманымыздағы I ғасырда ақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстік шығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркіменстан шекарасындағы аймақта мекендегенін көреміз.
В. М. Массой да «Ксеркстің мерзімі б. з. б. 486-480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында сіаһа атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді.
Бұл да дайлар туралы бірден бір мағлұмат емес, С. П. Толстов «хорезмиліктердің оңтүстік батыс және солтүстік шығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б. з. б. III ғасырларға қатысты. С. П. Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни олардың (Геродот пен Страбон бойынша) б. з. б. V ғ. біздің заманымыздағы I ғасырда мекендеген жерінде орналасқаны көрінеді.
Б. з. б. Ш ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар III ғасырдың өзінде-ақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен өзені аңғарына қоныс аударып, қалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғанын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен «парнадайлар Меотидояның арғы жағында», яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді. Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С. П. Толстов та айтады. Дайлардың бұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде (б. з. б. III ғ. біздің заманымыздағы I ғ.) ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап қалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған. Содан соң (IX ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде болуы мүмкін. Бұл жағынан әлИстахридің гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «…Онда (Сиякух Маңғыстау В. В.) түрік тайпасы тұрады, олар онда гуздар (оғыздар В. В.) мен өздері арасында туындаған араздық салдарынан жақында қоныстанған. Олар әлгілерден (гузерден) көшіп кетіп, оны (Сиякух В. В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөлініп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкін, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде «арал» «ада».
Біз, Әбілғазының мағлұматы бойынша, нақ осы кезеңде Маңғыстауда оғыз тайпалар одағының құрамына кірген түрікмен руларының пайда болғанын білеміз. Демек, түркімендер Маңғыстауға әлИстахри айтатын, біз адайлар деп санап отырған түрік тайпасынан кейін келіп, онда солармен бірге көшіп жүрген.
Сол кезге қарай (XI-XII ғғ.) Махмұд Қашғаридің «Диван лұғат аттүрік» деген шығармасында Маңғыстау туралы алғашқы хабар пайда болады, онда МанКашлак гуздер еліндегі жер атауы делінген. XI ғасырда адайлар, сірә, басқа да бірсыпыра тайпалар мен рулар арасында қыпшақ тайпалары одағының құрамында болса керек. Жайылымдар мен құдықтар үшін түркімендермен шексіз қақтығыстар адайларды солтүстікке, Жем, Ойыл, Сағыз өңіріне кетуге мәжбүр етіп, олар сол жерде моңғолдар келгенге дейін көшіп жүрді. XII ғасырдың басында Қазақстан аумағын моңғолдар басып алған кезде, адайлар Жошы ұрпағының, яғни Алтын Орданың билігіне түсті. Алтын Орда, одан соң Ақ Орда ыдырағаннан кейін басқа рулар мен тайпалар қатарында адайлар, тегінде, Өзбек хандығының, ал кейініректе Ноғай Ордасының құрамына кірсе керек. Қазақстанның батысында қазақтардың Кіші жүзі құрылуына байланысты оған Ноғай ордасының құрамдас бөлігі болған көптеген рулар мен тайпалар қосылды.
Жалпы тарихи сипаты жағынан, біздің ойымызша, ата-бабалары Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы дайлар (дахтар) болған адай руының пайда болу тарихы осындай.
Бұл жағынан Сырдариядағы қазақтардан жазып алынған аңыз қызғылықты. Онда былай делінген: бұрын Арал теңізі болмаған, ал Сырдария мен Әмудария Каспий теңізіне құйған. Арал теңізінің орнында адағы халқы тұрып, тасыған теңіз суы басуы салдарынан құрып кеткен. Бұл аңызда сол кезде Сырдарияның төменгі ағысында тұрып, содан соң батысқа кеткен (аңыз бойынша қырылып қалған) дайлар (адағылар) жайында айтылып отырған да болуы мүмкін.
Тағы да мынаны анықтау қалады: XIII ғасырдың басында адайлар, әлгінде келтірілген аңызда айтылғанындай, өздері кеткен Маңғыстаудан Сауран маңына қалай және қашан келген? Бәрінен де бұл өзбек хандарының өзара қырқысқан күресіне байланысты болуы ықтимал, соның салдарынан XV ғасырдың орта шенінде Керей және Жәнібек сұлтандар өздеріне бағынышты қазақтармен, соның ішінде дайлармен (адайлармен) бірге батыс Жетісуға көшіп кеткен.
Ұлы жүз рулары арасында Кіші жүз қазақтарының жекелеген бөліктерінің осы кезге дейін де бар екені кездейсоқ емес. Жәнібек пен Керей Кіші жүзге 50 жылдан кейін қайтқанымен, рулардың бір бөлігі, соның ішінде адайлар ол жерде әлі де ұзақ уақыт қалған болуы ықтимал. Тек XVIII ғасырдың басында, яғни үш ғасырдан кейін ғана бір кездерде Қазақстанның батысында мекендеген ата бабаларын мүлдем ұмытқан адайлар бұл жерді қайтадан ашты деуге болады.
Халықтың жадында адайлардың Маңғыстауға оралуы туралы мынадай мәліметтер сақталған. Осыдан екі жүз жылдай бұрын Байұлы, Жетіру және Әлімұлы бірлестіктерінің кейбір руларының, соның ішінде адай руының қазақтары Сырдария бойында (Сауран маңында) мекендеген. Бос жерден тапшылық көрген олар бірте-бірте батысқа, Арал теңізінің жағалауына қарай жылжи бастайды. Бірнеше ру басылары, соның ішінде адай руынан Қосайдың немересі Есентүгелдің Есені Жемді бетке алып, әрі қарай кетті. Оңда жеткен соң олар бұл жерді қалмақтардың алып қойғанын көрді. Олар Маңғыстауда қыстап, жайлауға солтүстікке, Жемге, қалмақтар жеріне келетін түркімендермен де осында кездесті. Жем, Ойыл өңірін көшіп жүруге қолайлы деп тауып және қалмақтардың әлсіздігін пайдаланып, оларды бұл жерден ығыстырып шығарды. XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүзде жер дағдарысының шиеленісуі салдарынан адай руы оңтүстікке Үстірт және Маңғыстау жондарына, түркімен руларының аймағына ығысуға мәжбүр болды. Рас, адайлардың кейбір топтары бұған дейін де қыс мейлінше қатты болғанда Үстіртке көтеріліп жүретін, ал XVIII ғасырда бүкіл түбек пен Үстіртті адайлар біржола қаратып алды. Түркімен руларының негізгі көпшілігі адайлардың қысымымен оңтүстікке, Қарабұғаз Гол шығанағына қарай кетті де, үш мыңдай адам ғана адайлар арасында одан әрі көшіп жүрді.
Революцияға дейінгі және кеңестік тарих әдебиетінде адай руының генеалогиялық құрылымын ешкім жариялаған емес. М. Тынышбаев келтірген бірден бір деректер этнографиялық экспедицияда тексерген кезде толық болмай шықты. Сондықтан біз осы арада сол рудың ру құрылымын толық келтірген жөн деп білдік.
Адай руының ұрандары «Бекет», «Тегелен» (Мейер бойынша), ал таңба белгілері: (Бламберг бойынша), (Аманжолов бойынша).
Әр түрлі деректемелерде келтірілген барлық таңбаларға талдау жасай келгенде, біз олардың шынында да сегіз болып шығатынын көреміз. Оларды өз кезегінде ұқсастығы жағынан үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа үш белгі кіреді. Соңғы белгі іс жүзінде алғашқы екеуімен бірдей. Олардың бәрі адайлардың негізгі таңба белгілері болып табылады.
Белгілердің басқа бір О , (—- , түрлері, сірә, адай руына басқа рулар мен тайпалардан қосылған топтардікі болса керек. Адай руының өсу үрдісі, тегінде, оның бүкіл ұзақ тарихы бойында жүрген болса керек және оны адай руының тіпті бастапқы түрінде-ақ саны көп әрі ықпалды ру болуымен, сондықтан көршілес әлсіз рулардың немесе олардың бөлігінің оған бағынуға ықылас білдіруімен түсіндіруге болады. Бұл кірмелердің кейбіреуі адай таңбасын қабылдап, кейбіреуі өз таңбасын сақтап қалуы мүмкін.
Шынында да, осы таңбалардың бәріне талдау жасау бізді таңбалы адайлар, айтар болсақ, 200 жылдан астам бойы адайлармен қатар көшіп жүрген табын руынан шыққандардікі деп жорамалдауға мәжбүр етеді. -|- және \/ таңбаларының жөні бөлек. ( -|- ) таңбасы адайлардан басқа телеу, кете және төртқара руларында бар. Осы таңбалы адайлардың бір бөлігі аталған рулардан немесе нақ осындай таңбасы бар керей тайпасынан да (Орта жүз) болуы мүмкін. С. А. Аманжолов келтірген \- таңбасы басқа ешбір деректемеде кездеспейді. Басқа қандай да болсын қазақ руларында бұған ұқсас таңба жоқ. Оны С. А. Аманжолов қандай деректен алғаны анық емес болып қалып отыр.

адайлар, адай, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, ,
5 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх