Кабинетте отыру — ымыраға келе алмау;
Кагор ішу — қызметте өсу;
Казак — орыс әскері — қауіп төніп тұрғаны;
Капуста пісірсең — өсек, турасаң — сағыныш, шірігі — қапалы уақыт;
Коньон — ұлы мақсатқа қол жеткізу;
Картоп қазу — салымды ауыз сақтағанды жейді;
Картоп — ақша — береке
Кәмпит — қонақ келеді, несібе артады;
Кәрі кісілер — сәттілік;
Кәріптас ( Янтарь) — бақыт, байлық;
Кәуап (шашлык) жесе — басшылардың сыияпатына ие болмақ;
Кебеже — байлық, ашық — береке, жабық — сәттілік;
Кездеме өлшеу — үйлену тойға қатысу;
Кезек- түбі жеңіске жетесіз;
Кекілік — мезгілсіз қонақ;
Кеме — сенім, ақша; міну — күтпеген сыйлық; бату — туыстарыңыздан жақсылық болмауынан сақтаныңыз, жүзу — сәтті жұмыс;
Кемпірқосақ — ұнамды хабар, жолыңыз ашылады;
Кене — түсіңізде үстіңізге кене жабысып тұрса — ауру, бақытсыздыққа тап болу;
Кенені отқа тастасаңыз — аурудан айығасыз;
Кептер — той, үйлену, қуаныш хабары, ұшырсаң — кімнің отын отасаң соның суын ішесің — берекелі жанұя боласың;
Кептірілген жемістер — қайын жұртпен байланысың жоқ, өкінесіз;
Керней (труба) тазалық, ақталу;
Керуен — байлық;
Кереует — көмек келеді, шайқалып тұрса — еңбегіңіз еш кетіп, беделіңіздің кете бастағаны;
Керімсал жел — қуанышты хабар;
Кесе — сізді қауіптен қорғауда;
Кесене көру — қажылыққа бару;
Кесіртке — қызғаныш;
Киіз қалпақ — мұратқа жету;
Киіз ұлтарақ — берекелі болмақ;
Киік (сайгак) — көп малға ие болмақ;
Коллонада жүру — дұшпанның назары пәс болмақ;
Концертке қатысу — қадірінен айырылу;
Конькимен сырғанау — күнәдан пәк болу;
Корабль — билік, қожалық ету;
Космос сәулелері — қолы ұзын, сөзі өтімді болу;
Костюм — ер кісі көрсе, ақша, табыс, той, сәтті хабар, жолыңыз болады; әйел кісі — көңілденесіз, жыртық — ешкімді алдамаңыз;
Көбелек — сайқы-мазақ, ұстасаң -әділдік, ұшып кетсе-жамандықтан құтылу;
Көбік — түсіңізде ағын суда көбік көрсеңіз — тұрақсыз махаббат. Ал, қазаннан көбік алып тастасаңыз- ойнас сөзіне себеңіз;
Көже — істегі сәттілік , қанағаттанасыз;
Көжек — тұрақсыздыққа ұрыну;
Көз — бетсіз, әдемі — жақсылыққа бет бұру, қисық — мақсатыңызды айқындау; қиғаш — ақшада сәттілік; үлкен — абырой артады; сүрме жақсыңыз — байлыққа жетесіз; аңду — бәсекелес; артық — адасады; соқыр — мұқтаждықтан құтлады; белгісіз — кіріптарлықтан құтылу;
Көйлек — ақ — шексіз қуаныш; жасыл — сапар; қызғылт — сыйлық; қара түс —
Көкек — түсіңізде сайраған көкекті көрсеңіз — өкініш, барлық ісіңіз кері кетеді. Біріқ сәттілікті ұмытпаған жөн;
Көкжал — шығын. Әурегершілікке тап келумен жеңіс, сәттілік сіздікі;
Көк құтан — қызметіңіздегі жайсыздық;
Көкте ұшу — мұратқа жету;
Көл — жүзсең — байлық; құласаң — қауіп; шомылсаң — қуанасың; тасыса — кешігіп келген мақсат; тасқын ортасында болса — жағдайың жақсарады; бетінде жүрген, жүзген — жауына мерейі үстем болады;
Көлеңке — өсек, өтірікшілерден сақтаныңыз, бөтен — кедергі;
Көмір — ақша, қаражат алу;
Көң — байлық;
Көп ақша алу — өмір жасыңыз ұзақ болмақ;
Көпір — өту — қауіптен құтылу, сынық — ақша жоғалту, түсіңізде өтіп келе жатқан көпірдің тақтайы көтерілсе — бұл түс өлім хабаршысы; Көпірден өтіп кетсең — туысы бірге жетпейді, түбі бір кетпейді;
Көр — ісіңдегі кедергі жойылады;
Көр қазу — қызғаныш;
Көрпе — жамылсаңыз — ауру; ашсаңыз — қиыншылықтан арылу; күнге жаю — үй ішіндегі сәттілік, қымбат — ерлі зайыптының бақыты; жасыл — сапарға шығу дайындал . Қара — реніш.
Көсеу — түсіңде от жанбай тұрған ошақта көсеу тұрса — ұрыс. Егер де көсеу есік алдында жатса — сіздің қонақ жайлығыңыз біреулерді қызғандырады;
Көш — көпшілік құрметінің бақытына бөлену;
Көше — үлкен бақыт;
Көшет отырғызсаңыз — сәттілік, еңбек ете беріңіз;
Күл — жаңа жұмысыңыз табыс әкеледі; шашу — көптен күткен мақсатыңыз орындалады; жұмысқа қолдану — ескі ажырасқан достармен сәтті табысу;
Күлу — өзіңізге риза емессіз;
Күмбез — сізді құрмет күтіп тұр, сіздің адал ақ пейіліңізге;
Күміс — сәттілік, табыс, қызметіңізде жұмысыңызда жақсылық. Өмірдің барлық сәтін ұтыпсыз — құтты болсын;
Күн — сіз күтпеген бақыт, байлық. Жаңа қызмет күтуде;
Күрек — табыс көзі;
Күріш — ақша, көп болса — ақша көп;
Күріш алқабын суарса -кісі сізге — ақша береді
Кілем — сатып алсаңыз — ақша аласыз; үстінен жүрсеңіз — даңқыңыз артады, берсеңіз — шығын; сатып алсаңыз — билік қолда;
Кілт — жаңа істің көзі, махаббатта жолыңыз болады;
Кірпік — ұзын — сәттілік, қысқа — өкініш; кесу — жолдан адасу; үсті — құпияны ашу;
Кірпіш — табыс;
Кітап бастырып шығару — мақсат орындалады. Қуанышқа ортақ достар көп болсын;
Кітап — түсіңізде ұстап тұрған кітаптың мұқабасы қалың болса — бұл түс жұрттың алдында абыройыңызды арттырады. Егерде кітаптың бір — екі парағы жыртылса — өзіңіз көпке жағымдысыз. Ал, түсіңізде кітап қақ айрылғанын көрсеңіз — үлкен істерге мұрындық болады.
Кімде-кім түсінде кітабын жоғалтып жүрсе, құпия сыры ашылмақ;

