Таба — байлыққа кенелу; жалында қызса — берекелі жұмыста қолыңыз жүреді. Қақпағы ашық — ұрлатып алмаңыз заттарыңызды; Табалдырық аттау — кедергілерді бұзып, жару. Ісіңіздің бәрі оңынан болады;
Табаны тесік аяқ киім — берекесізге үйлену болмаса берекесізге тұрмысқа шығу;
Табытта — әке-шешең жатса, сәттілікке сізді шақырады, жат мінезді қою керек; Өзің жату — көптен бері мазалап жүрген дұшпаннан құтылу;
Таға — байлық, мұра, жақсы өмір сүру;
Тағам — береке, ырыс, несібе;
Таз адам — өмірінде есте қаларлық үлкен қуаныш бүгіннен басталады;
Таза бөлме — ұлықтық, атақ, абырой; ұлыққа, құрмет пен байлыққа қол жеткізеді;
Тазалау — үй — бақыт, байлық, береке; пияз — қиын іс сәтті шешіледі;
Тазымен аң аулау — ғалым жолын аңсау. Ғылым жолын игерсең;
Тайғанақ — бағытыңыз түзу;
Тайлақ — не нәрсеге жорысаңыз, сол арманыңыз орындалады;
Тақия — жасыңның келгенімен, ақылың кірмеген;
Таққа отырсаң — абырой, атақ;
Тақтай — тігі — қуаныш, қисығы — өкініш, сынығы — мақсатқа жете алмау;
Тамақ — біреулер ішіп отырса — жаңа қызметке жоғарлайсыз; өзің ішіп отырсаң — алдау;
Тамақ пісіру — қолынан келген, қоншынан басады;
Тамыр көрсе — істеген ісіңіздің жақсылығын көресіз; соқса елге елеулі болу;
Таң ату — барлық жұмысыңыз ағынан болады;
Таңба көрсең — байлық, үлкен табыс, барлық істе сәттілік;
Таразы — түсіңізде таразымен өлшеп тұрсаңыз — ісіңіздің алға басқаны; егерде таразыға өлшеуге болмайтын затты қойсаңыз — бұл түс сіздің өзіңіздің көшбасшы екендігіңізді білдіреді;
Таракан — байлық;
Тары — байлық, ырыс, несібе;
Тасқын — түсіңізде су тасқыны еден астынан шықса, жалмауыздың қолына түскеніңіз, кедергіде шек жоқ; егерде тасқын қабырғаны бүлдірсе — әлсіздік, қорғаушының жоқтығы;
Тас қопарса — ер басына күн туса, етігімен су ішкізер. Зәлімдерден құтылыпсыз;
Тас жол — көпті көп деме, азды аз деме, қанағат керек;
Тасбақа — құтты қонақ; аударылып жатса — ауа райы өзгереді, суда Татар — ғылым есігін ашу. Білімге кенелу;
Тау — қатыгездік; шыңға өрмелеу — беделге бастайды, түссеңіз — қиыншылықтан оңай құтыласыз;
Тауық — өкініш, балапаны — шығын;
Таяз — тыныштық, қуаныш және бақыт;
Таяқ — сәттілік, табыс, мұраға ие болу әрі керек-жарақ барыңызды аласыз, өз абыройыңызды қорғау керек;
Тәж — құрмет, сыйлық;
Театр — көңілділік;
Тебен — барлық ісіңіздің жемісін жейсіз, жақсылық;
Тезек — түсіңізде жануардың тезегін тауып алсаңыз — бақыт; ал, егерде аттың аяғында көрсеңіз — ауыр, беймаза күндер;
Телефон — өсекке ұрыну;
Телевизор — әлемге паш ету жақсылықты;
Темір — байлық;
Теңіз — толқын — сапарға; жүзсең — күш-қуат, денсаулық, байлық; тұп-тұнық — шексіз бақыт; ағысымен бірге ақсаң — жаңалық; өтсең — мақсатың орындалады; қайыққа мінсең — қиыншылықтан құтылу; бетінде жүрген — дұшпан жеңеді;
Тер — аурудан арылу;
Терезе — ішінен шықсаңыз мақсатқа жетесіз;
Тиын — түсіңізде алтын тиындарды санасаңыз — қуаныш, жұмыста кедергі болмайды, ал күміс тиын — ұрыс — керіс, реніш, аяғы — өкініш;
Тон — байлық, мұра; ұзыны — тез арада жолға шығу; қысқасы — ұрыс-керіс; әдемі, жарасымды — жоғары лауазымды жұмысқа тұрасыз;
Тоты құс — хабар, өтіріктен арылу;
Трамвай — таңдау, аялдамада тұру — өкініштен арылу;
Тұқыл темекіні тастасаң — шығын;
Тұқым себу — қаншама жерге сепсеңіз соншалықты сәттілік пен қуаныш байлық;
Тұлып кисең — байлық, молшылыққа кезігу;
Тұмар тақса — абырой, ырыс, несібе, қуаныш;
Тұнба ішу — аурудан жазылу;
Түбекте қалса (полуостров) — істеп жүрген шаруаңыз пайдасыз екен;
Түйе құс — бақыт;
Түтін — болашағыңыздан хабар: түзу — алға бара жатқан ісіңіз дұрыс, қисайса — дұрыс, пейілді адам емессіз, төмен қарай түссе — ісіңізде береке болмайды;
Тырна — қуанышты хабар, ізгілікті сәлем;
Тырнақ — ұзын — сәтсіздіктен құтылу, көмек; қысқа — өсек; қырқу — өкініш, айқай-шу; тырнап алу — даңқыңыз өседі; өссе — ақша, байлық;
Тырма — болашаққа жоспар құру;
Тышқан — берекесіздік, жалғыздық;

