Падишах — ісіңіздің бәрі дұрыс, алайда мақтаншақтықпен игере алмай жүресіз-ау берекені;
Пайғамбарды көру — мақсатқа жету;
Палау — мол байлықтың мұрагері болу;
Палуба — мақсатың айқын екен, тезірек жету жолын қарастыр;
Пальмаға шығу — жетістікке жету;
Пальто — егерде түсіңізде пальто таза суда жатса — сіздің еңбегіңіздің жануы, береке, байлыққа жеткізеді; түсіңізде пальтоңызды біреу киіп жүрсе — өкінбеңіз, жұрт алдында абыройыңыз артады, өзіңізді жақсылыққа жетелей беріңіз; пальтоңыздың етегін өртеп алсаңыз — сіз аманатқа берген дүниеге қиянат жасағаныңыз. Тезірек қарыздан құтылған жөн;
Пальто (жаңасы) — достарыңыздың арасында құрметіңіз артады; ескісі — жеңіс, табыс; орану — мұраңыз көбейеді;
Пара — тыныш жүрген дұрыс;
Паранжы жамылса — өлімнің ауылынан алыс қонбағысыз;
Парашютпен секіру — сізге жауыздық ойлағандардың ойраны шығатын болды. Бір-ақ ешкімге айтпаңыз бұл түсті;
Парик кисе — әсемдікке құмарсыз. Байлыққа ынтықтығыңызбен барлық силастарыңызды таңқалдырып жүрсіз;
Паравоз — көпшілікке мол береке әкелушісіз, өзгеге бергеніңіз өзіңізге өзге жолмен сәттілік, береке әкеледі;
Параход — сеніміңіз мол, жұмысыңыз сәтті болады;

