Қайрат Түнтеков – Мөлдір тұнық көздерің
Әні: І.Байбосынов
Сөзі: Ж.Зиясов
1. Ақ қағазға ақ қаламмен
Салдым сенің бейнеңді,
Ақ жүзіңді аймаласам
Жаным ғажап күй кешті.
Қ-сы:
Мөлдір тұнық көздеріңде
Жұмбағы бар өмірдің,
Мөлдір тұнық көздеріңде
Сырлары бар өмірдің.
2. Маралымсың, арман еткен
Жұмақтың бағындағы,
Жігер-күш таусылған ба,
Жүрегім бағынбады.
3. Жайқалған жасыл өлке,
Жайраңдаған асыл еркем.
Жүректе сезімім бар
Айнымас, адал, көркем.