Рамазан Стамғазиев – Аңшының әні
Халық әні
1. Ахау, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы
Жігіттің оған құмар өнерпазы
Күлім көз, оймақ ауыз бір сұлу қыз
Тарықпа қалсаң таңылып,
Айдын-көлдің қоңыр-қазын.
Бір қызық, ит жүгіртіп аң ауласаң
Қырғилап, шабуылмен таң ауласа.
2. Ішіктің іші таза, қызыл түлкі
Құлпырып, жел, самалмен сабаласа
Қағылып, тоқсан тазың сылдыр қағып
Тебініп бір сілкінсең, дүл-дүл қағып
Бүгіліп жылқы нағыз жалаулатты
Жылқышы ербең-ербең кетсе алып.