...

Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш – Есіңе мені алғайсың ТЕКСТ

Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш – Есіңе мені алғайсың
Әні: Е.Әбдіхалықова
Сөзі: М.Мақатаев

1. Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың.
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың.

2. Қазбауыр бұлттар маңғанда,
Орманға жазда барғанда
Арманда мені, арманда,
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың.
Арманда мені, арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың.

3. Қараша келген шақтарда,
Құлазып тұрған бақтарда,
Жапырақ жайрап жатқанда,
Қурайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың.
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

4. Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың.
Жапырақ жайрап жатқанда,
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, елена абдихалыкова, жубаныш, есине мени алгайсын
4.4 165 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх