Ерте жүктілік деген не?
Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатынжүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады.
Ерте жүктілік немен қауіпті?
Жүктіліккезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығыжасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
Ертежүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді.
Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –проблемадан сақтану.
Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудыңтәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ертетүссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудыңжолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
Жүктіліктен сақтану тәсілдері
Қыз-келіншектер өздері қаламаған жүктіліктен сақтану үшін түрлі тәсілдер мен контрацепция заттарын пайдаланады. Дәрігерлер осы контроцептивтік заттар әртүрлі жасқа сай соматикалық денсаулығына, гинекологиялық ауруларына қарай іріктелуге, мынандай талаптарға сәйкес болуға тиіс деп санайды:
1. Денсаулығы үшін қауіпсіздігі.
2. Ұрық байлау қабілетігің бұрынғы қалпына жылдам келуі. Пайдалануға қолайлылығы.
4. Жоғары нәтижелілігі.
Гинеколог-дәрігерлердің айтуынша, аз мөлшерде құрастырылған ауыздың контрацепциясы (ҚАК) жасөспірім қыздарға арналған, бұрындары оны етеккірдің басталуынан кейін 2 жылдан соң тағайындайтын-ды. Қазір әлеуметтік жағдайы нашар, жыныстық қатынасты ерте бастаған қыздарға етеккір функциясы басталысымен-ақ тағайындай береді. Тек жатырішілік серіппе (ЖІС) жасөспірім қыздарға қолданбайды, оны түсік жасатқандарға, босанған әйелдерге қолданады. Францияда жыныстық қатынасқа белсенділігі жоғары жасөспірім қыздарға депо-провера жасаса, Ресей мен Қазақстанда депо-провераны жасөспірім қыздарға жасамайды.
Медициналық, отбасылық басылымдарда мамандардың жазуынша, қаламаған жүктіліктен сақтанудың сан алуан түрлері бар екен. Дәрігерлер соның деснаулыққа зиянсыз, жас мөлшеріне сай адамның өзіне сәйкес түрін таңдауға ақыл-кеңес айтады. Олар негізінен, мынандай екен:
1. «Мүшеқап» (презерватив). Беріктігі 99 пайызды құрайды, – дейді мамандар. Бұл 100 жағдайдың біреуінде ғана жоспарланбаған жүктілік орын алатын көрінеді. Оған оны дұрыс пайдаланбау, сапасының нашарлығы, дұрыс сақталмауы басты себеп екен. Мүшеқап негізінен, еркектердің ұрығын жатырға жібермей ұстап қлатындықтан жүктілік болмайды.
2. Спермицидті құралдар.Олар: әйел қынабына енгізілетін түрлі дәрілік таблеткалар, крем, мазь, свеча түрінде шығарылатындар. Қай-қайсы да жатырға енген еркек шауқапының белсенділігін жояды да, әйелде ұрықтану процесі жүрмей, екіқабат болмайды
3. Спираль.Кең тараған тиілдеі тәсілдердің бірі, – дейді гинекологтар медициналық басыоымдардағы мақалаларында. Оның қарапайым пластиктен, күмістен, мыстан құйылған түрлері болады екен, формасы да сан алуан. Соны салдырып алған әйелдер жүктіліктен ұзақ уақыт сақтана алатын болып шықты. Шығарылу мерзіміне орай жатыр ішінде 1 жылдан 5 жылға дейін тұра береді екен. Дәрігерлер спиральдың әйелді қаламаған жүктіліктен 98 пайызға дейін сақтай алатынын айтады.
4. Гормональді құралдар.Оны жүктіліктен сақтану, ағзадағы түрлі гормональді ауытқушылықтарды ретке келтіру үшін қолданады. Мұндағы жағымсыз жағдай, гормональді құралдар белгілі бір уақытта қолдану қажет, уақыт өткізіп алуға болмайды. Әлгі дәрілер әйелдердің тәбетін ашады, олар денесіне салмақ қосады.
5. Барьерлік әдіс.Әйелдің жатырына ұрықтың еніп кетуіне механикалық түрде жол бермейтін құралдарды қоюды осылай атайды. Төмендегідей түрлері бар:
Цервикальді қалпақша.Бұл құрал кесе тәрізді. Жатыр мойнының немесе қынап қабырғасының жоғарғы жағы мен қалпақшның жиегі арасындағы кері қысым нәтижесінде орналасады. Ұрықтың жатыр мойнына енуіне кедергі жасайды.
Диафрагма.Түрі күмбез тәрізді майысқақ жиекті резина қалпақша. Жыныс қатынасы алдында ғана қынапқа салынады. Дәрігерлердің ақыл-кеңесі бойынша орналастырылады. Көп реттік бұл контрацепция дұрыс тұрса ғана қаламаған жүктіліктен сақтандыра алады.
Губка.Полиуретаннан жасалған, спермицидпен сығымдалған «жастықшаны» осылай деп атайды. Пайдаланар алдында ғана суға малып алып, қынапқа тереңдете енгізіледі, – дейлі гинеколог дәрігерлдер. 24 сағатқа дейін әсері бар. Жыныс қатынасына сирек баратын әйелдер пайдаланады. Қолданған соң лақтырып тастайды.
6. Иньекциялық әдіс.Гармональді препарат ішкі бұлшықет арқылы жіберіледі. Содан бірте-бірте ағзаға жайылып, 8-12 апта бойы контрацепциялық әсерін тигізеді. Инъекциялық контрацептивтің құрамында бір ғана жыныс гормоны гестаген болады екен. Ол әйел ағзасындағы жұмыртқа клеткасының өсіп-жетілуін тоқтатады. Бұл препаратты қолданғаннан кейін әйел жүкті болуды қалап, оны қабылдауды тоқтатқанымен, бірнеше айдан соң ғана қайта жүкті болуы мүмкін. Ағзаға жақпайтын да кездері бар, әйелдің етеккір циклін де өзгертеді.
7. Хирургиялық әдіс.Өз еркімен бала көтергісі келмейтін әйелдердің жатыр түтікшелерін байлап тастайды да, әйел жұмыртқа клеткасы мен еркек ұрығы бір-бірімен кездессе алмайды.
8. Экстренді тәсіл.Мүшеқап жыртылып кеткенде, диафрагма мыжылып қалғанда, таблетка қабылдауды ұмытып кеткенде, кездейсоқ жынысты қатынасқа түскенінде, ол аяқталуымен әйелдер жоғары дозаны гармональді таблеткалар мен жатыр ішілік спиральді таблеткаларды қолданады. Олардың бірі «Постинор». Жыныс қатынасынан соң 72 сағаттың ішінде қабылдап үлгеру қажет. Ертерек ішсе нәтижесі де тиімдірек. Сосын 12 сағаттан соң оның екінші таблеткасын ішеді. Ал жатырішілк спиральді 5 күн ішінде салып үлгерген жөн.
9. Физиялогиялық әдіс.Етеккір алдындағы бір апта, етеккірден кейінгі бір апта қауіпсіз деп саналады. Соны дәл анықтап, жыныстық қатынасқа түссе, жүктіліктен сақтана алады, – дейді дәрігерлер.
10. Вазэктомия.Еркектерге жасалады. Хирургиялық тәсіл, оны вазорезекция немесе вазэктомия деп те атайды. Ұрық өтетін жолды байлап тастау операциясы. Оған көп еркек келісе бермейді. Еркектерді осылай стерилизациялау Батыс елдері мен Еуропада кеңінен таралған. Жүктіліктен сақтануда 100 пайыз кепілдік бере алады. Жыныс қатынасына кедергі келтірмейді. Бұрынғысынша оргазм да, эякуляция да жүреді, сұйықтық мөлшері де бұрынғыдай бөлінеді, тек құрамында ұрық (сперматозоидтар) болмайды.
таблетка