Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Мастит (грек. mastos — емшек) — сүт безінің қабынуы. Ол көбінесе жас босан-ған (негізінен сәбиді емізетін) әйелдерде болады. М. қыз балаларда өте сирек болады, кейде ер адамдарда да кездеседі.
Маститті тудыратын қоздырғыштар:

стафилококк,

стрептококк,

Кох таяқшасы, т.б.

Бұл ауру жедел түрде өтеді, кейде созылмалы түріне ауысады. Аурудың негізгі белгісі — сүт безінде сүт жиналып, баланы емізгенде сүт шықпай қалады. Сүт жиналған жер томпайып, қызарып, әйелдің дене температурасы 38 — 39С-қа көтеріледі, кейде денесі қатты қалтырайды. Қызарған жер солқылдап ауырып, қолмен ұстағанда ып-ыстық болып тұрады. Емшек ұшының терісі қатайып, жылтырайды, кейде жарылып қанайды. Бұл кезде лимфа және сүт жолдары арқылы енген микробтар сүт бездерінің қабынуына әкеледі. Омырауда, сүт бездерінің айналасында пайда болған бітеу жара (абсцесс) бірте-бірте босаңсиды (ірің пайда болғандығының белгісі), әйелдің температурасы көтеріледі (40С-тан жоғары), емшек сүтіне ірің араласады. М. әйел организміндегі созылмалы ауруларды (тіс кариесі, созылмалы тонзилит, т.б.) жүктіліктің алдыңғы кезеңінде емделмеу салдарынан, әйелдер консультациясында сәбиді дұрыс емізу, емшекті қалай күту дайындығынан өтпеу себебінен болады. Әйелдің иммунитеті төмен болғанда немесе дер кезінде дұрыс емделмегенде М. флегмонозды (шелдің іріңдеп қабынуы), кейде гангреналы (іріңді) түріне ауысуы мүмкін. Баланы дұрыс емізе білу және бұл кезде қажетті гигиен. талаптарды сақтау (бала емізер алдында және кейін емшектің ұшын, айналасын қайнаған жылы сумен жуып отыру, т.б.) М-ті болдырмауға, алдын алуға мүмкіндік береді. Емі: алғашқыда сүт бездеріне суық компресс басып, антибиотиктер қолданады; жиналған сүт жайылып кетпеуі үшін новокаин егіп, әрбір емізуден кейін емшекті сауып тастайды. Ал асқынып кеткен жағдайда хирург. операция жасалады. Сүт безі қабынған жағдайда нәрестені емізуге болмайды.

жыныстык катынас, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,котерип калу,тусик жасау,жукти болып калдым,туу киын ба,тугым келеди,туа алмай журмин
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь родные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которое вам поможет сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?