...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Баланы омыраудан дұрыс шығару жолдары

Ислам дінінде баланы омыраудан екі жастан кейін ғана шығарғанның абзалдығын айттық. Егер белгілі бір себептерге байланысты ол уақыттан ертерек шығару керек боп, ана баласының денсаулығына зиян келмейтініне сенімді болса, күйеуімен ақылдасып омыраудан шығара беруіне болады. Өйткені Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 233-аятында: «Егер әке-шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа, сонда екеуіне де күнә жоқ», – деген жолдар бар. Сәби алты айға толғанда ана сүтінің үстіне қосымша тамақтар беріліп, екі жасқа келгенше жеңіл-желпі тағамдардың барлығының дәмін татып көре бастайды. Ана сүтіне деген мұқтаждық азаяды. Міне, осы кезден бастап омыраудан шығаруды қолға ала берген жөн. Мамандар пікірі баланы емізетін уақытқа қатысты екіге бөлінеді. Біреулері арнайы жоспар жасап, сәбиді үш-төрт сағат сайын күнделікті бір уақытта емізуге үндейді. Ал екінші топ баланың қарыны қай кезде ашса, сол кезде емізе бергенді қолдайды. Бірақ: 1) Нәрестенің өзі айта алмайтыны себепті, анаға баланың қай кезде қарыны ашқанын анықтау қиындау. Өйткені көптеген сәбилер ана омырауын алғашында қарыны ашып емсе, кейіннен қалыптасқан әдетпен әйтеуір сорып жатады. Кейде бала жыласа болды, аш деп ойлаған анасы ауызына емшек тосады. Жүйесіз тамақтану үлкендерге қандай зиян болса, кішкентай нәрестеге де тура солай, оның асқазанының дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін. Балалардың көптеген аурулары дұрыс тамақтанбағаннан болады. 2) Жүйесіз тамақтанған бала кейінгі өмірінде де жүйесіз өмір сүруге бейім болады. 3) Жыласа болды, емшек алып үйренген бала, өмірде де сабырлықтан гөрі, мақсаттарына жету барысында сұраншақтыққа үйір келеді. Сондықтан да жаңа туған нәрестенің өзін жүйелі тамақтандыруға әдеттенген дұрыс. Балаға арнайы режим жасауды қолға алсаңыз, мына жағдайларды Есте сақтаңыз: 1. Өсіп, дамып келе жатқан балаға күнделікті бірдей режим жасауға болмайды. Жаңа туған сәбидің асқазаның кішкентай болатыны себепті алғашқы екі айында аз-аздан, бірақ жиі тамақтандыру керек. Бір жарым-екі сағат сайын емізуді кейін, ақырын-ақырын 3-4 сағатқа созуға болады. 2. Барлық баланың физиологиясы бірдей емес. Біреуінің қарыны тез ашатын болса, екіншісінің тәбеті тамаққа кешірек оянады. Сондықтан балаларыңыздың үлкеніне де, кішісіне бірдей тамақтану режимін жасамаңыз. 3. Баланы толық тойғанынша емізген жөн. Ұйықтап кетсе, ақырын оята отырып тойдырған дұрыс. 4. Түн ортасынан таң намазына дейін емізбейтіндей режим құрыңыз. Бұл сізге де, балаңызға да пайдалы болады. 5. Әр емізген соң бала да, өзіңіз де микробтан таза болуыңыз үшін омырауыңыздың ұшын мақтамен сүртіп отырыңыз. 6. Сәби еміп жатқанда асқазанына ауа баратыны себепті, іші желденуі мүмкін. Сондықтан емізіп болған соң көтеріп, арқасынан ақырын ғана қағып, ауа шығу үшін кекіртіп алыңыз. 7. Бірінің сүті тартылып кетпес үшін екі омырауыңызбен қатар емізіңіз. 8. Емізіп жүрген ананың ауыр, жүйкені жұқартатын жұмыстардан аулақ болғаны жөн. Ол омырауындағы сүтке де әсер етіп, балаға зиян келтіруі мүмкін. Мына жағдайларда ана баласын емізбегені дұрыс: 1) Ана туберкулез секілді жұқпалы аурулармен ауырса; 2) Ана жүрек-қан тамырларының ауруымен ауырса; 3) Талма, қояншық ауруларымен ауырса; 4) Анада қан аздық жоғары мөлшерде болса; 5) Ана ішімдік пен нашаға құмар болса; Мұндай жағдайда емізген ана баласының денсаулығына зиян келтіреді. Баланы қанша сағат сайын емізген дұрыс? Баланы қай кезде емізуге болмайды? 1) Мамандардың көпшілігі жаз мезгілінде емшектен шығармауға кеңес береді. Өйткені ыстық кезде балалардың иммунитеті төмендейді, ағзаның сыртқы күштерге қарсы күресі саябырлайды. Сонымен қатар, жазда ішек инфекциясының пайда болу қаупі бар. Ол асқынса асқазан ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін. 2) Баланың күнделікті өміріне өзгеріс әкелген жаңа үй немесе басқа қалаға көшіп барғаннан кейін де бірден омыраудан шығармаған дұрыс. Екпе қабылдағаннан кейін де бұл істі біразға дейін қоя тұрған жөн. 3) Педиатрмен ақылдасып алмай шығармағаныңыз жөн. Егер бала әлсіз, жиі ауырып қала беретін болса, жетілуі кешеуілдеп жүрсе, дәрігер тағы біразға дейін емізе тұруға кеңес беруі мүмкін. Ал егер балаңызды омыраудан шығаруға шешім қабылдасаңыз, алдын-ала дұрыстап дайындалғаныңыз жөн. Барып, жергілікті дәрігеріңізбен ақылдасып алыңыз. Егер сәбиіңізді күніне 5 рет емізетін болсаңыз, алғашында төрт, сосын үш уақытқа азайтқаныңыз дұрыс. Қарыны ашқан уақытта емізгеннің орнына қосымша тамақтар беріңіз. Солай-солай емізуді екі, кейін бір мезгілге дейін азайтып, ақырын-ақырын баланың өзіне де байқатпай омыраудан шығарып жіберуге болады. Егер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындасаңыз 7-14 күн ішінде бала ана сүтін іздемейтін болады. Алланың адамды жаратудағы кереметін көрмейсіз бе, осы кездері ана омырауындағы сүт ақырын-ақырын тартыла бастайды. Тек омырауыңызды қатты орап, сусын ішуді аз-маз азайтсаңыз болғаны. Ал балаңыз емшек сұрап жылайтын болса, орнына шырын беріңіз, ойнатып көңілін аулаңыз, бірге мультфильм көріңіз. Баланы емізуді бірден тоқтатып тастау – анаға да, балаға да зиян. Ол сүттің қатуы, омыраудың ісіп, сыздап ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай орын алған болса, ана бірден медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Өйткені әлемде жыл сайын миллиондаған әйел сүт безінің қатерлі ісігіне ұшырайды екен. Оның негізгі себептерінің бірі дұрыс емізбеу, дұрыс емшектен шығармаудан туындайды. Мамандар «әйел адам 25 жасқа дейін кемінде бір бала туып, оны емізіп үлгеру керек» дейді. Ал осы уақытқа дейін балалы болмаған, сүті бола тұрып баласын емшектен ертерек шығарып жіберген, алғашқы жүктілікті тоқтатқан әйелдер қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін топта болады екен. 1. Сүттің бөлінуін дәрі-дәрмекпен тоқтатуға болмайды. Мұның соңы кейін қандай да бір ауруға әкеліп соқтыруы мүмкін. 2. Бұрын қатты тартып, байлап тастау ұсынылатын. Қазір көптеген дәрігерлер бұлай істемеуге кеңес береді. Өйткені, қатты байлау сүт бездеріндегі қан айналымды бұзып, сүттің ұюына және ісіктің пайда болуына алып келуі мүмкін. Бірақ жылы етіп немесе орамжапырақ тартып орап қойғанның пайдасы болмаса, зияны жоқ. 3. Омырауға сүт жиналған жағдайда солай қалдырмаған дұрыс. Омырау жеңілдегенше сауып тастаған жөн. 4. Жалғыз шығаруға болмайды. Жаныңызда көмектесетін адам болғаны дұрыс. Өйткені бала күндіз емшек іздемеуі мүмкін, ал түнде сөзсіз іздейді. Ондай жағдайда тамағын алдын-ала дайындап қойып, әкесіне немесе әжесіне тамақтандыруға, ұйықтатуға беріңіз. 5. Бірер күн емізбей жүріп, кейін балаңыздың жылағанын, емшек сұрағанын көріп, шыдамай емізіп қоймаңыз. Не де болса соңына дейін төзгеніңіз жөн. 6. Балаңыздың алдында омырауыңыз көрініп тұратындай ашық киінбеңіз.

баланы омыраудан дурыс шыгару жолдары, ,, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,,
4 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.