...

Бір жарым апта ішінде арықтау

Емдәмнің басты компоненті – кереметтей детокс әсерге ие көкөніс сорпасы. Оған керекті заттар: 6 орташа пияз, 5-6 қызанақ, кішкентай қырыққабат орамы, 2 болгар бұрышы, селдерей шоғы, 2 сәбіз. Көкөністерді турап, салқын су құйып, 10 минуттай қатты от қызуына қайнағанға дейін ұстау керек. Сорпаны тұщы күйінде ішу қажет, әдетте бұл әдіске үйренбесе, алғашқы 2-3 күнде оған теңіз тұзының бірнеше шөкімін қосуға болады. Оны тек түскі асқа қана емес, бесіндік ас пен кешкі асқа да ішіп, тек 20-30 минуттан соң ғана рұқсат етілген өнімдерге көшіңіз. Бір күндік мәзірдің нұсқасы: сорпа, 1 кг-ға дейін кез-келген жеміс (бананнан басқасы); сорпа, 1 кг-ға дейін кез-келген көкөніс; сорпа, қайнатылған майлы емес ет – 400 г-ға дейін, көк жапырақ және көкөністер (картоп пен қызылшадан басқасы) – 500 г-ға дейін; сорпа, қара немесе қызыл қоңыр күріш – 500 г-ға дейін, көк жапырақ және көкөністер (қызылшадан басқа) – 500 г-ға дейін. Қоректену әртүрлі болуы үшін мәзірді ауыстырып отырған жөн. Көкөністер мен етті қақтап пісірілген күйінде жеуге болады. Бір күн ішінде кемінде 8 стақан су, оған қоса қантсыз шай немесе кофе ішуге болады. Тұзды, қант секілді көп пайдалануға болмайды. Көкөністен жасалған салатқа сірке суын немесе лимон шырынын қосып араластырған жөн, күніне бір рет болса да оған шай қасық зәйтүн майын қосқан абзал.

3 күн ішінде арықтау
Әдісі: айран-қарақұмық емдәмі
Қанша салмақ жоғалтады: 3 кг-нан 5 кг-ға дейін
Бұл емдәмге шыдау оңай соқпайды, дегенмен нәтижесі соған тұрарлықтай. Бір күндік мәзір: бірдей уақыт аралығында 5-6 қабылдауға бөлуге болатындай 1,5 литр айран. Оны кішкене жұтыммен ішу керек. Егер көп жұтыммен ішсек, ағза тағамның түсуі туралы дабыл беріп үлгермейді. Таңғы асты кештен бастап дайындаңыз: 3 шай қасық қарақұмықты жуып, 1стақан айран құйып, тоңазытқышқа қойыңыз. Таңертең ісінген қарақұмықты араластырып, асықпай ауқаттаныңыз. Сонымен қатар күн ұзағына 2 литрдей газдалмаған минералды су, қантсыз шай немесе кофе ішуге болады, бірақ айран ішкеннен кейін 15 минуттан соң және жарты сағат ерте ішкен жөн.

арыктау
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх