Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Қыс мезгіліндегі шаш күтімі

Шаш – адамның көркі» десек те, қыста бөрік пен орамалдың астында жасырулы шашымызға аса мән бере бермейміз. Ал шын мәнінде бұл маусымда шаш ерекше күтімге зәру болатынын ескеріңіз.

Бұл кездегі аязды күннің, жылытылатын бөлмедегі құрғақ ауаның, тіпті бас киімнің де шашыңызға жағымды әсері бола қоймайды. Бұған осы маусымдағы витаминдердің жетіспеушілігін де қосып қойыңыз. Сондықтан шашыңыздың сау әрі әдемі күйін сақтау үшін оған арнайы күтім көрсеткеніңіз жөн.

Витаминдер қабылдаңыз. Поливитаминдер кешенін немесе шаш пен тырнақтарға арналған препараттарды таңдап алыңыз. Ағзамыз қыс мезгілінде әсіресе омега-3 май қышқылдары, протеиндер, кальций, мырыш, витаминдер мен микроэлементтер сияқты пайдалы заттарға зәру болады. Бұлар майлы балық, сәбіз, бұршақ, жаңғақ (бразилиялық, грек, бадам жаңғағы; кешью), құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдерінде көптеп кездеседі.
Шаш түбіндегі қан айналымын жақсартыңыз. Қыс кезінде суықтың әсерінен қан тамырлары тарылып, бас терісіне қажетті заттар жеткізілмейді. Осылай шаш түбінен әлсіреп, түсе бастайды. Мұның алдын алу үшін трихологтар аптасына бірнеше рет бас терісіне, сондай-ақ мойын омыртқасына массаж жасап тұруға кеңес береді. Сән салондарында қан айналымын жақсарту процедуралары үшін арнайы қондырмалы дарсонваль құралы, сондай-ақ лазер тарақ қолданылады.
Бас терісі мен шашты ылғалдандырып тұрыңыз. Көбірек таза не минералды су ішіңіз. Ауа ылғалдандырғышының да пайдасы мол. Ең алдымен қарқынды ылғалдандыруға арналған маска (шашыңыздың типіне қарай), бальзам және кондиционерлер сияқты құралдарды пайдаланыңыз. Londa, Moltobene, Paul Mitchell, Wella, Weleda сияқты маркалардың қыс мезгілінде күтім көрсетуге арналған өнімдер сериясы бар.
Шаш күтіміне арналған құралдарды ауыстырыңыз. Қыс мезгілінде шаш құрғайтынына байланысты, бұрын пайдаланып жүрген құралдар енді сізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Әдетте бұл кезде шаштың түбі майлы, ал ұшы құрғақ болады. Сондықтан pH деңгейі бейтарап (5,5), барынша жұмсақ, құрамында бояғыш заттар, парабендер мен силикондар жоқ шампуньді қолданыңыз. Шаштың майлануын азайту үшін оны жылы сумен жуыңыз.
Аптасына бірнеше рет нәрлі әрі қалпына келтіруші маскаларды жағыңыз. Олардың құрамында В1, В5, В6 и F, гликолипидтер, фосфолипидтер, эфир майлары, протеиндер, амин қышқылдары болуы керек. Масканы суланған, бірақ жақсылап сығылған шашқа жағып, пленкамен қаптаңыз да, жылы сүлгімен орап қойыңыз. Кемінде 15 минут, лажы болса, одан ұзағырақ ұстаңыз.
Шаюды қажет етпейтін сарысуларды пайдаланыңыз. Сарысулар (сыворотка) шашқа қажетті белсенді құрамдастарға бай әрі өте жылдам әсер етеді. Олар шашты аяздан және құрғаудан қорғайды. Оны нұсқаулығында көрсетілгеннен асыра пайдаланбаңыз, әдетте 1-2 тамшысы да жетеді.
Бас терісін қайызғақтан қорғап, иммунитетті күшейтіңіз. Температураның күрт өзгеруі мен тар бас киімді ұзақ киіп жүру әсерінен бас терісі құрғап, тітіркенеді және үстіңгі қабаты қабыршақтала бастайды. Ал иммунитеттің әлсіреуі түрлі бактериялардың күшеюіне әкеледі. Құрғақ қайызғақ болған жағдайда зақымданған шаштарға арналған шампунь пайдаланыңыз. Антибактериялық әсерге ие шай ағашының маскасы қайызғақпен тиімді күреседі. Зәйтүн, кастор, ошаған, кокос, бадам, жожоба майынан жасалған маскалар да жақсы нәтиже береді. Ал табиғи құралдар майлы қайызғақты азайта алмаса, дерматологпен кеңесіңіз. Сізге арнайы дерматологиялық шампуньдер қажет болуы мүмкін.
Қысқы бас киімді дұрыс таңдаңыз. Жүн немесе тері сияқты табиғи материалдардан жасалғандарын таңдаңыз. Синтетикалық мата жылуды сақтамайды, ылғалды сіңірмейді, бұған қоса бас терісінің демалуына кедергі келтіреді. Шашыңыз бұйра әрі құрғақ болса, бас киімнің астарына жібек матаны қабаттап тігіңіз. Сонда шашыңыздың кутикуласы (сыртқы қабаты) зақымданбайтын болады.

кыс мезгилиндеги шаш кутими, кенес, сулулык
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.