Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Ерінді операциясыз үлкейту жолдары

Анджелина Джолидің ернін ұнатпайтын арулар аз-ау. Болмаса да, ұқсап бақ дейтін қыздар суретте еріндерін дүрдитеді, ақшасы барлар хирургиялық операция жасатады. Біздің кеңесіміз ерніңізді сұлулық пен сексуалдық символына айналған Анджелинанікіндей етпесе де, көлемін томпайтып, сүйкімін арттырарына кепілдік береміз.

Ерінге арналған жаттығулар

Ерінді үлкейтіп, оған әдемі пішін беру үшін жаттығуларды бірінші айда күн сайын орындау керек (мүмкін болса күніне 2 реттен). Ал одан кейін оның қалпын сақтау үшін жаттығулар кешенін аптасына 2-3 реттен қайталап тұрған жөн. Барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен мұқият жуынып, ауызды жылы және салқын сумен алма-кезек шаю қажет. Бастапқыда жаттығуларды 10 рет, одан кейін біртіндеп айдың ішінде 21 қайтара орындау керек.

Ерінді алға қарай барынша созып, аузыңызды сәл ашыңыз да, беттің бұлшық еттерін босатыңыз.
Ауызды сәл ашып, тіліңізді барынша шығарыңыз да, осы қалпыңызды 3 секундқа дейін ұстап тұрыңыз. Одан кейін тіліңізді кері тартып, аузыңызды жабыңыз да, екіге дейін санап, беттің бұлшық еттерін босатыңыз.
Еріндеріңізді алға созып, шамды өшіргендегідей бірден қатты үрлеңіз. Одан кейін үшке дейін санап, ерніңізді босаңсытыңыз.
А-И-О-У дыбыстарын баяу айтып, деміңізді ішке тартыңыз. Ұртыңызды ауаға толтырыңыз да, аузыңызды сәл ашып, деміңізді шығарыңыз (осы кезде еріндеріңіз дірілдеуі керек).
Деміңізді ішке тартып, кеудеңізді ауаға толтырыңыз да, ерніңізді түтікше тәрізді жиырып, алтыға дейін санағанша деміңізді шығарыңыз.
2-5 минут бойы өзіңізге таныс әуендерді ысқырып айтып көріңіз, дыбыстарды барынша қатты әрі таза шығаруға тырысыңыз.
Ерінге арналған массаж

Массаж – тез арада болмаса да, ерінді біраз үлкейтуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Ол үшін жұмсақ тіс щеткасы немесе косметикалық кисточка керек болады. Бірақ кейбір әйелдер бұл процедураны саусақпен де орындай береді, сондықтан өзіңізге ыңғайлы жолын анықтап алыңыз. Массаж алдында ерінге бал, алоэ шырынын, зәйтүн майын не кез келген косметикалық майды (бадам, жожоба, кокос) жағып қойыңыз.

Орындау жолы: ауызды сәл ашып, таңдаған құралды (бал, шырын не май) ерніңізге жағыңыз да, 5 минут бойы оған массаж жасаңыз. Ерін терісі аса жұқа болғандықтан, щетканы не саусағыңызды қатты батырмай, жаймен сипап өтіңіз. Жаққан құрал кеуіп кетсе, оны тағы жағыңыз (май болса) немесе ерніңізді сулаңыз (бал қолданылған жағдайда).

еринди операциясыз улкейту жолдары, кенес, сулулык
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь родные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которое вам поможет сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?