Мен өзімнің махаббатым туралы айтатын болсам.. Алғаш рет 7-сынып оқып жүргенімде бір жігітке ғашық болдым. Бірақ тіпті мәнде бермедім, себебі біздер тіпті араласпайтынбыз көрші тұрсақта. Сөйтіп жүріп ол маған 2 жылдан кейін келді. Мен қабылдаған жоқпын. 2ай өткеннен кейін жүре бастадым. Біз 3 жылдай жүрдік. Бірақ жүргеніміз жүрген емес мен ол қалаған уақытта шыға алмайтын едім, себебі үйде жалғыз қыз едім. Ата-анамда оны жақтырмады. Мен онымен ажырасам деп шештім, оған шешімімді айттым. Ол менін алдымда тізерлеп отырып, жылап тастамауын өтінді. Менде жылап айырылыстым. Сөйтіп мен қалаға оқуға кетіп қалдым. Ешкімді ұната алмадым,сүймедімде. Сөйтіп жүргенде группалас қызым сыныптасымен таныстырды. Ұмыту үшін онымен жүріп кеттім. Бара бара оны сүйе бастадым. Онымен 2 айдай жүрдім. Сабақ аяқталып екеуміз екі жаққа кеттік. Ол ауылына барып хабарласуымыз азая бастады. Кейіннен тіпті хабарласа алмадым. Демалыс бітіп қалаға қайта келдік сыныптас қызымен жүріп кетіпті. Мен оны көріп барлығын бетіне басып тастадым, ол тек кешірім сұрап қайта келді. Бірақ ол қайта өз қызына кетті. Сөйтіп жігіт дегеннен көңілім қатты қалды. Енді жігітпен жүрместей болдым. Жандай досыммен ауылына қыдырып бардым. Газельге мінгенде, ол өзінің бөлесімен таныстырды.Ол менен 1жас кіші еді. Танысқаннан кейін ол бөлемнің үйіне қонды. Екеуміз танысып, түнді әңгіме айтып өткіздік.Ол қыздарды жек көретінін айтты.Ол маған хабарласып жүрді. Ол сөз берді бірақ мен қабылдағым келмеді. Мен оған бәрін айттым, ол мен ондай емеспін мен сені бақытты қылам деп уәде берді. Сөйтіп жүріп кеттік. 1жылдай болып қалды бұйырса, мен оны арасында тастап кеттім. Сенсеңдер ол менің әкеме қатты ұқсайды, тіпті аузынан түсіп қалған десем болады. Мен оны жақсы көре бастадым. Оған сүймейтінімді айта берем сүйсемде. Қазір аллаға шүкір тату тәттіміз. Жақында группалас қызым тұрмысқа шығып тойға бардым. Бұрынғы жігітім келіпті. Қызы қызжолдас екен. Мен онымен биледім. Маған ол қарай берді. Мен жек көргенім соншалық тіпті бетіне қарай алмадым. Мен оған өзгерген сынай таныттым. Ол маған қатты таңғалды. Жігітім екеуміз танысқан жерімізге барып келдік. Енді жандай дос қызым менің қайны апам болайын деп отыр бұйырса, ал екінші жандай дос қызым жарлас көрші үйдің келіні, ол абысыным болады. Жер дөңгелек деген осы ғой… Осылай өмір өтіп жатыр бұйырса той деп отырық, бірақ мен әлі дайын емеспін…
Подписаться
0 Комментарии
Старые