...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Шынайы Махаббат

Университетте өзін мойындату үшін бойындағы талантын, жігері мен білімін аяған емес. Сосын өзі басқарып отырған тобындағы басқа қыздар сияқты ешқашан көз жасына ерік беріп, сәл нәрсеге жас шығара бермейді. Осы табандылығы – марқұм анасынан дарыған сияқты. Мына өмірдің «жылағанды жұбатуға емес, жұдырықтауға құмар» екенін ерте түсінген балғын қыз – өз достарын қашан да сабырға, күресуге шақырудан тайған емес. Ақкөңіл, мінезі жеңіл, ақ жарқын қыз. Дегенмен тереңнен ойлайтын, өзгелерге қашан да қамқор, адал жан.
Өзіне рухани жақын, бір-бірін жақсы түсінетін досы Нұржанмен таныстығы да қызық басталған болатын. Университетке жазғы маусымда құжат тапсыру науқанымен, қалаға келген беті еді. Вокзалда теріс қарап сыныптасы Бауыржан тұр. Құлағына тосқан телефоннан тіпті қолы тиер емес. Ауылда асыр-салып, алыса кететін мінезімен Гүлзат Бауыржанның арқасына жүгіріп кеп мініп алып еді! Мұны күтпеген жігіт қызбен қоса жерге құлаған. Орнынан тұрғанда Гүлзаттың байқағаны – мына жігіт қалқан құлақ Бауыржан емес, мүлдем бөтен жігіт екен. Дегенмен түрлерінде ұқсастық бар. Сыртынан қарасаң құлақтары айнымайды екен… Ұялып екі беті алаулап кетті…
Таныстығы осылай қызық басталған екеуінің арасы кейін үлкен достыққа…дұрысы, берік махаббатқа ұласты. Гүлзат осылай ойлайтын…
Бірақ оның мына қабағында болар-болмас мұңның табы байқалады. Жаңағы құлағына жеткен жаңалық – бүкіл өмірін көз алдына алып келді. Өмірінде дәл бүгінгідей денесі түршікпеген шығар-ау. Тек туған анасының қайтыс болғанын естігенде ептеп жүрегі шымырлап, тұла-бойын осылай діріл жайлаған болатын. Өзінің жалғандағы жалғыз сенімді серігі санаған Нұржаны – Қаламқаспен жарасып, бүгінгі кешке сол қызбен баратынын естігенде, қызғаныштан жанын қоярға жер таппаған. Нұржанның бүгінгі қылығы – Гүлзатты өмірінде болмаған, байқалмаған сезімге түсірді. Күні-бойы оқу ғимаратында бұған ләм деп тіл қатпақ түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Құрбысынан естігені мынау. Дегенмен бұл қызғанышын ішіне түйіп, кешке болатын мерекеге өз тобындағы ең момын бала Ерқанатты ертіп бармақ болды. Бірақ сұр жемпірін үстінен тастамайтын бұл жігітпен бірге бару… Әй, тәуекел!
Ерқанаттың өзіне ықыласы ерекше екенін білетін қыз өз қулығын асырмақ ниетпен, досына хабарласты.
– Алло, Ерқанат, сәлем. Мен ғой Гүлзатпын, таныдың ба? Кешкі мерекеге нешеде шығасың, мүмкін бірге барармыз. Иә, сені сағат 7-де күтемін. Сосын сұр жемпіріңді емес, басқа киім киші үстіңе, жарай ма? Ал, кездескенше!
Шаруа шешілді. Енді күн тәртібіндегі қыз бала үшін нөмірі бірінші мәселе – «не киемін?» деген сөз. Әрине үстіне ілгені – Қаламқастың киімінен көш ілгері болуы керек! Алайда, анадан жетім қалғалы бері нағашысының үйінде тәрбиеленіп келе жатқан Гүлзаттың жарқыратып бір киетін киімі де жоқ-ты. Бірақ бұл үшін қайсар қыз ешқашан налып көрген емес, нағашысы Аллаға шүкір, мүмкіндігінше бұған қарайласып келеді. Жеңгесі де кісілігі мол, ерекше жан. Гүлзат осыған дән риза.
Нағашысының қыздары да әлі кішкентай қыздар. Құрбыларынан көйлек сұрауға тағы ыңғайсыз….М.м.м.. не істесе болады?
Ойына алғаш келгені – жеңгесінің өткен жұмада сатып алған қызыл көйлегі еді. Бойшаң тұлғасына жеңгесінің көйлегі тұра қалды, тек…екі жеңі сәл-пәл…сәл-пәл емес-ау, тым ұзындау боп калды. Айна алдында әрі-бері күйбеңдеп, жеңіне не амал қыларын білмей тұрғанда, көзіне алдымен түскені – айна алдындағы қайшы болды…
Міне, екі жеңі «жаңа үлгімен» қиылған қызыл көйлек киіп, ұзын шашы иығын жапқан сұлу қыз мереке өтетін орталыққа жетіп те қалды. Бұрылыстан өте бере өзіне қарай аяңдаған Ерқанатқа көзі түсті. Иә, көзі түсті! Осы сәт Ерқанат ерекше көз тартарлықтай еді. Себебі Ерқанат та дәл бір Гүлзатпен келісіп алғандай, үстіне қып-қызыл көйлек киіп алыпты. Екеуін көрген жұрттың мысқылынан қысылда ма, кім білсін, Гүлзат Ерқанаттан шеткерірек жүрді. Маңайдағылар да бейне бір екеуін әдейі аңдып тұрғандай, осыларға қарап күліп тұрғандай болды.
Бірақ адуынды, өжет қыз өзгелердің мысқылды көздерінің арасынан өзіне жақын бір жанарды іздеумен болды. Тіпті тәмпіш мұрын Қаламқас та көрінер емес…
Университеттің қыздар күніне арналған бүгінгі кешін белсенді студент-жастар ұйымдастырып, көптеген қызықты бағдарламалар қойылуда. Нұржан да ең белсенділердің бірі болатын, бірақ кеш бойы көрінбегеніне қарағанда қойылымға араласпайтын сияқты. Біреулер мақталып, марапатталып жатыр…Енді біреулері ойынға қатысып мәре-сәре болып жатыр… Бірақ Гүлзат өзіне Ерқанаттың көрсетіп жатқан, дұрысы – көрсетуге тырысып жатқан құрметін елейтін емес.
Кеш ортасына таянғанда ғана Қаламқастың қашан да қатулы жүретін қабағы көрінді-ау… Қаламқастың қабағының түксигені – үстіне киген қара көйлегінің етегі секілді жиырылып тұрады екен. Біздің қыз іштей бір мырс етті. «Осының бір жадырап жүретін күні жоқ. Нұржан қай қасиетіне қызығып, қасында жүр екен?» Қаламқас та Гүлзатта ақысы кеткендей ала көзбен бір атып, мырс етті де дәл оның тұсындағы орынға кеп жайғасты. Орталарын сахнаға апарар жол ған бөгеп тұр. Бәлкім қазір оның жанына Нұржан да кеп жайғасар…Бірақ ол қайда жүр?
Осы сәтте сахнаға «Сегізінші наурыз» болып киінген әртіс шығып, бұларға қарай жақындады. Түр-әлпеті көрінбейді, тек микрофонмен айтқан тілектері таныс дауысқа ұқсайды. Бұл жігіттің Нұржан екенінде күмән жоқ. Міне, ол ортамен бойлап келіп, қыздар қауымын құттықтады да, қолындағы бір құшақ раушан гүлінің бір талын Қаламқасқа ұсынды. Айналадағылардың алдында Қаламқастың беделі өсіп мәз болды да қалды. Елдің назары осы жақта. Гүлзат мына қорлыққа шыдамай, шығып кетпек боп орнынан тұра беріп еді, аяқ киімі үстелдің аяғына шалынып… омақаса құлады! Жұрт қыран-топан күлкіге қарық болды. Нұржан бетіне киген пердені сырып тастап, Гүлзатқа көмектеспек ниетпен ұмтылды. Орнынан тұрған қыз үсті-басын ретке келтіріп әуре. Осы сәт жігіт бір құшақ раушан Гүлзатқа беріп жатып, құлағына әлдене деп сыбыр етті. Қалың жұрттың күлкісі сап тыйылды. Бұл сыбырды бүкіл көрермен де естіген болатын, себебі микрофоны қолында тұрған Нұржанның дауысы бүкіл залды алып кетті.
Осы күннің соңында екі ғашық махаббаттарының берік екенін бүкіл университет алдында дәлелдеп, Гүлзат Қаламқастың арқасында қызғанышын мойындады.

казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
3.2 5 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.