Ибрагим Ескендір — Көк тудың желбірегені ТЕКСТ

сөзі: Алмас Ахметбекұлы
әні: Ермұрат Зеілхан

Көк тудың желбірегені —
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені —
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
Жан-жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені —
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені —
бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.

кок,тудын,желбирегени,куат,бергени,береди,ескендир,
,,,,,,,,,,,,,,
Прокрутить вверх