Әні: Жарасхан Төлебай
Сөзі: Сәндібек Ботабаев
Бір сезімнің бірдей дәмін татып
Өзіңді аңсап өткізгенде уақыт
Сөздеріңмен айта алмаған сырды
Көздеріңнен ұғыну бір бақыт
Сені сүйдім сенсіз ғұмыр мәнсіз
Сен барың да жүрем мен де қамсыз
Жеті миллиард адамы бар жерде
Жүрегімді мекендеген жансыз
Жүрегімді мекендеген жансыз
Көздеріңді көрген кезде күлген
Мен ештеңе ойламаймын мүлдем
Сиқырмысың сүйкімдісің өзің
Сүйіп алғым кеп тұрады бірден
Күндер бақыт сен жанымда жүрген
Жұпар иісің табылмас бір гүлден
Мен әйтеуір кездесуге келсем
Иіскеп-иіскем алғым келеді бірден
Сені ойламай өтер менде күн жоқ
Дәл өзіңдей өзге бақта гүл жоқ
Талғамыма жан-тәнімен келген
Сұлу жансың тал бойыңда мін жоқ
Сұлу сенің сыңғыр күлкің сырғаң
Мен бір арман жету саған жылдам
Тағдырымнан айналайын мәңгі
Мені сендей жанға ғашық қылған.
Көздеріңді көрген кезде күлген
Мен ештеңе ойламаймын мүлдем
Сиқырмысың сүйкімдісің өзің
Сүйіп алғым кеп тұрады бірден
Күндер бақыт сен жанымда жүрген
Жұпар иісің табылмас бір гүлден
Мен әйтеуір кездесуге келсем
Иіскеп-иіскем алғым келеді бірден