Тәтті тілмен балдай
Кеттің бірден арбай
Биің ғажап еркем
Қақтырады таңдай
Жылтыр көйлек жарасып тұр би деген.
Шап-шақ көйлек жерге етегі тимеген
Мені өзіне ғашық қылды бір сұлу
Аппақ көйлек, киіп алып билеген
Ханшайым мен хандай
Билейікші талмай
Көзді баурап барад(ы)
Көйлек шіркін қандай?