Сөнгенде жаның, шамым дайын
Қалағаныңды мен орындайын.
Көз жалындайды,
Сезбей мұндайды,
Бір өзіңе ұмтылған бұл жайым.
Өткен мен келер теңескенде,
Бір күндік ойларым емес менде.
Меніменен соңына дейін
Соңына дейін келіскен ең…
Құшағым ашылуға тұр дайын,
Ұшамын шақырғанда әрдайым.
Боядың күндерді өзіңмен,
Сыйладың түрлі түс.
Әрекет еттің, енді қара —
Жүрегім менің еріп барады.
Талайы сеніп өзіңе,
Бұл мінезіңе
Ғашық болып қалады.
Yeah
Құшақтап мені,
Жылуың — жүректің емі
Бір өзіңмен өткен еді
Сәттерім бақытты.
Yeah
Көремін енді,
Жаныма енді
Бүкіл әлемнің
Мың сұрақтары
Бойымда
Көңілге ендің,
Тағдырға ердім,
Тағы да сенді
Бұл жүрегім саған.
Менімен бір боласың ба?
Қанатыңның талмасына
Толық куә болсын сезімдер.
Құшағым ашылуға тұр дайын,
Ұшамын шақырғанда әрдайым.
Боядың күндерді өзіңмен,
Сыйладың түрлі түс.
Құшағым ашылуға тұр дайын,
Ұшамын шақырғанда әрдайым.
Боядың күндерді өзіңмен,
Сыйладың түрлі түс.