Айгүл Қосанова – Алматы жүрегімде
Әні: Ә.Бейсеуов
Сөзі: Н.Әлімқұлов
1. Шықшы дос, Алатаудың қар басына,
Көз салшы арман қала арнасына,
Өмірдің от-жалыны алау шашып,
Жанып тұр күн сәулелі Алматыда.
Қ-сы:
Гүлі бар таңда ашылар,
Бал-шырын алмасы бар,
Бақыттың арнасы бар бір өзіңде.
Гүл қала, арман қала,
Көк-жасыл орман қала,
Мәңгі от боп жанған қала
Алматым жүрегімде.
2. Сәбидің күлкісі бар келбетінде
Жүзгенде ай сәулесі көл бетінде
Әркімнің жүрегіне ұялаған
Осындай қала бар ма жер бетінде?!