...

Бейбіт Қорған – Саржайлау ТЕКСТ

Бейбіт Қорған – Саржайлау
Әні: Н.Тілендиев
Сөзі: М.Мақатаев

1. Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем

Қ-сы:
Саумал бұлақ – балдай дәрім
Салқын самал – баурайларың
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған, Саржайлауым!

2. Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын,
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

3. Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын

4. Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!

,, бейбит корган
4.1 197 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх