Ойын-сауық порталы

Айгүл Қосанова – Алматы жүрегімде ТЕКСТ

Айгүл Қосанова – Алматы жүрегімде
Әні: Ә.Бейсеуов
Сөзі: Н.Әлімқұлов

1. Шықшы дос, Алатаудың қар басына,
Көз салшы арман қала арнасына,
Өмірдің от-жалыны алау шашып,
Жанып тұр күн сәулелі Алматыда.

Қ-сы:
Гүлі бар таңда ашылар,
Бал-шырын алмасы бар,
Бақыттың арнасы бар бір өзіңде.
Гүл қала, арман қала,
Көк-жасыл орман қала,
Мәңгі от боп жанған қала
Алматым жүрегімде.

2. Сәбидің күлкісі бар келбетінде
Жүзгенде ай сәулесі көл бетінде
Әркімнің жүрегіне ұялаған
Осындай қала бар ма жер бетінде?!

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, айгуль косанова, алматым журегимде
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments