Ойын-сауық порталы

Айқын – Отыздан асып барамын ТЕКСТ

Айқын – Отыздан асып барамын

Сұқтанып тұрып жанарың,

Сұрыма неге қарадың?

Солай да, солай, қарағым,

Отыздан асып барамын.

Шашымның санап әр ағын,

Таңырқай берме, қарағым.

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,

Бетіме неге қарадың?

Бақытым тілеп баланың,

Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,

Қуарып кейде қаламын.

Аттанған ата-ананың

Артынан қуып барамын.

Әзілің қайда, қарағым,

Әжімге несін қарадың?

Артымда қалып аларым,

Отыздан асып барамын.

Солай да, солай, қарағым,

Көңілдің таппай қалауын.

Жастықтың жықпай жалауын,

Отыздан асып барамын.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, айкын
3.5 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments