Сағынады екен адам
Сағынбаса жүрек болмайма?
Айтшы мен қайда барам?
Жазып қойса маңдайға
Мекен-жайың бұрынғы
Көңіліңде сондайма?
Сені ойлаумен жетемін айға
Арайлым суретіңе қараймын
Көшеңді үмітпен аралаймын
Несіне жұлдыздарды санаймын?
Жап-жарық өзісің ғой сен айдың
Кешірек келсемді
Шығасың ұйқыңды бөліп
Қуанып қаламын сұп-сұлу кейпіңді көріп
Уақыттың өткенін қалай біздер байқамадық?
Көп қайталадық
Тағы да гүлімді
Терезеден кіргіздің бе?
Өзіңмен суық боп
Сезілмейді бұл күз мүлде
Сезіндің бе?

